28 ақп, 2019 сағат 12:29

БҚО-да жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды

Оралға қарасты Деркөл ауылында жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше күндіз Октябрь елдімекені маңында орын алған.

«Ер адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адамның жедел жәрдем стансасында фельдшер болып жұмыс істегенін растады.