Батыс Қазақстан облысының "Зеленов" ауданы "Бәйтерек" ауданы болып өзгерді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 855 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Ұқсас жазба: