БҚО-да тұрғын үйдің жертөлесінен снаряд табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
7 қазанда сағат 11.30 шамасында Бөрлі ауданының полиция бөліміне ауыл үйінің жертөлесінен снаряд табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл факт Бөрлі ауданының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді.
Снарядты аталған үйдің тұрғыны тапты, ол үйден қажет емес дүниелерді жертөлеге апармақ болған. Сол кезде қауіпті жарылғыш затқа көзі түскен. Бұл снаряд БҚО ПД жедел жасағы келіп, қауіпсіз жерге шығарылғаннан кейін, Бөрлі ауданынан 4 шақырым жерде комиссияның қатысуымен жойылды. Снаряд жертөледе қалай пайда болғанын анықтау мүмкін болмады.