Бәйтерек ауданында колледж ғимараты опырылып түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 12.30-да Калинин ауылы Киров көшесі 19-мекенжайында орын алды.
Зеленов колледжінің 1980 жылы салынып, тозығы жеткен үш қабатты №5 корпусының бір бөлігі опырылып құлаған. Оның аумағы 80 шаршы метрді құрады.
«Құрылысконсалтинг» ұлттық орталығы сарапшы комиссиясының 2015 жылғы 28 тамыздағы №41 қорытындысына сәйкес аталған ғимарат апатты жағдайда деп танылып, онда оқу тоқтатылған болатын.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
«Қазіргі кезде ғимаратты бұзу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалуда», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.