сурет ашық дереккөзден алынды
БҚО-да ауылдасына оқ атқан күдікті анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 5 қыркүйек сағат 18:45 шамасында Сырым ауданы Аралтөбе ауылында спирттік ішімдіктерді бірге ішкен қос азаматтың арасында жанжал басталып, 48 жастағы ер адам бұзақылық ниетпен 34 жастағы тұрғынға аңшылық мылтықтан оқ атқан.
Сондай-ақ ұшқан патронның бөліктері өтіп бара жатқан әйел мен баланың аяғына тиген.
"Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық шара қабылданып жатыр" - делінген хабарламада.