30 мам, 2022 сағат 14:05

БҚО-да зират ескерткіштерін қиратқан балалар болып шықты


Батыс Қазақстан облысында бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратқан балалар болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Дариға Мәжитованың айтуынша, Бәйтерек ауданы Трекин ауылындағы православ зиратында ескерткіш белгілерді қиратқан 1 және 2-сынып оқушылары екендігі анықталды.

«Қазіргі кезде олардың саны нақтыланып жатыр. Анықталған балалар бойынша мәселе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады», - деді Мәжитова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратып кеткенін жазған болатынбыз. Олар барлығы 14 белгіні қиратып, бүлдірген.