04 қар, 2019 сағат 14:42

БҚО-да балық аулауға шыққан екі адам суға кетті

Батыс Қазақстан облысында балық аулауға шыққан екі ер адам суға кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі Көшім арнасында болды.

31 және 32 жастағы екі ер адам 2 қараша күні балық аулауға кеткеннен оралмаған.

4 қараша күні сағат 10.00-ден бастап жедел құтқару жасағының күшімен (10 қызметкер, 2 жүзу құралы, 2 техника) іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Сағат 14.46-да 1988 жылғы, 15.02-де 1987 жылғы азаматтың денесі табылып, судан шығарылды.