26 қаз, 2020 сағат 15:56

БҚО-да ауыл әкімі карантинге қарамастан ұлының үйлену тойын өткізген

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі шектеу шараларына қарамастан ұлының үйлену тойын өткізген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Орал қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен тойдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовтің қалада той өткізгенін растады. 

«Қазіргі кезде Тәтжан Өтемісов еңбек демалысында. Карантин шаралары енгізілгенін жақсы біледі, мұндай қадамға неліктен барғанын түсіне алмай отырмыз. Ауыл әкімдері төрт жылға сайланатыны белгілі, сондықтан оның мерзімі аяқталды. Ақжол ауылдық округі әкімін сайлау 30 қазанға белгіленді. Үміткерлер тізімінде Тәтжан Өтемісов жоқ», деді Т. Ғабдушев.