Батыс Қазақстанда ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 7 шілде күні кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Сондай-ақ, облыста бұршақ жаууы ықтимал. Орал қаласында да осындай ауа райы болып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.
«Осыған байланысты өңірде ескерту жарияланып, тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда», - деді БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрболат Мұқажанов.