17 қаз, 2022 сағат 12:48

БҚО-да 15 жастағы жасөспірім абайсызда досына оқ атты

© Photo : ДВД Алматы

Батыс Қазақстан облысының Хан Ордасы ауылында 15 жастағы оқушы мылтықтан оқ атып, досын жаралады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

"4 қазан сағат 21.00-де Батыс Қазақстан облысы Хан Ордасы ауылындағы Мәметова көшесінде орналасқан үйдің ауласындағы гаражда 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала байқаусызда АТА ARMS маркалы мылтықтан 2007 жылы туған жасөспірімге оқ атқан", - деп мәлімдеді ведомство.

Зардап шеккен бала "іштің оқ жарақаты" диагнозымен орталық ауруханаға жатқызылды. Мылтық оның 1994 жылы туған ағасына тиесілі болған.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр және атыс қаруының иесіне қатысты Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 484-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.