Фото: БҚО ТЖД
Батыс Қазақстан облысында 12 жастағы бала қолын арматураға қысып алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға 20 маусымда кешке Теректі ауданы Пойма ауылында болған.
БҚО ТЖД мәліметінше, сағат 17:28-де 101 пультіне Шевченко көшесі мекенжайы бойынша шақырту келіп түскен.
"Шақырту орнына келген соң, көрсетілген мекенжайда 2011 жылы туған бала қолын арматураға қысып алғаны анықталды. Құтқарушылар баланың қолын арматурадан босатып, 18 сағат 20 минутта құтқару жұмыстарын толық аяқтады. Құтқарылған баланы жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Оқиға орнында БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының 1 техникасы мен 4 қызметкері жұмыс атқарды" - делінген хабарламада.