Фото: Astana TV арнасы
Батыс Қазақстан облысындағы Қосарал ауылында екі басты бұзау туды, деп хабарлайды Astana TV арнасы.
Мал иесі бірнеше күн бұрын туған бұзаудың басқа төлдерден ерекше екенін байқаған. Оның бір-біріне жабысқан екі басы, екі маңдайы һәм екі танауы болған.
Екі басты бұзау ауылдықтарды да дүрліктіріпті. Бірақ елді шулатқан бұзау бір күн бұрын өліп қалды. Мамандар мұндай ауытқумен туған төлдің ғұмыры ұзаққа созылмайтынын айтады.