Еліміздің батысындағы өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
Күндіз 28 тамызда Атырау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Сол күні күндіз Атырау қаласында найзағай, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.
28 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерлерінде солтүстік батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/сжетеді.
Сол күні күндіз Орал қаласында найзағай, солтүстік батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 тамызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, жел солтүстік шығыстан, солтүстік батысқа ауысады, екпіні 5-20 м/с болуы ықтимал.