11 шіл, 2018 сағат 09:35

"БҚО аспанынан құлаған беймәлім зат - Капустин Яр полигонынан ұшырылған зымыран бөлшегі"

Мамандар Батыс Қазақстан облысында аспаннан түскен белгісіз зат жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

БҚО-ның Табиғатты қорғау басқармасы бастығының орынбасары Сырым Тілегеновтің айтуынша, қазір мамандар осы жерде жұмыс істеп жатыр.

"Алдын ала ақпараттар бойынша, ол заттар отын багының бөлшектерінен құлап түскен. Бұл жерде "Капустин Яр" сынақ полигоны зымыран ұшыра бастады, оның бірінші бөлігі құлап, бөлініп қалған. Бірақ ол "Капустин Ярдың" аумағына түсіп кетуі керек еді. Бір жерден ақау кеткен болар, сондықтан аймақтан тыс шығып кеткен", - деді ол.

Алдын ала деректер бойынша, фрагменттің диаметрі 3-тен 3-ке дейін болған.

Осыған дейін ТЖД өкілдері аспаннан беймәлім зат құлағаны жайлы хабарлаған болатын. "Халық арасында зардап шеккендер жоқ, мал қырылмаған, металл қалдығы елді мекеннен 16 шақырым жерде құлаған. Қазір Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мен экологтар жұмыс істеп жатыр. Нәтижесін кейін хабарлаймыз", - деген еді ТЖД баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанова.