Фото: Pexels
Антикор БҚО әкімі орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және Telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат тарап жатыр.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған адамдар ұсталған жоқ.
Қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпараттар Антикордың ресми сайтында және telegram-арнасында жарияланады" - делінген хабарламада.
Ведомство баспасөз қызметі азаматтардан ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуді сұрады.