20 қар, 2022 сағат 11:38

Біздің елде билікке монополия болмайды - Тоқаев


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда билікке монополия болмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін журналистер Қасым-Жомарт Тоқаевтан "Халық алдындағы барлық уәдесін орындау үшін жеті жыл жеткілікті ме?" деп сұрады.

"Менің ойымша, жеті жыл жеткілікті, себебі бұл кез келген адам үшін ұзақ уақыт. Ең бастысы, біздің елде билікке монополия болмайды. Бұған тыйым салынады, бұл өте маңызды мәселе. 21 жыл ішінде елімізде үш Президент болады", - деп жауап берді Тоқаев.