01 жел, 2022 сағат 21:27

Биыл Түркістан облысында 12 млрд теңгеден асатын 26 инвестициялық жоба іске асырылды


Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі өнеркәсіп орталығы. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстың оңтүстік бөлігінде шоғырланған. Онда полиметалл және темір, уран, фосфор және т.б. кен орындары орналасқан. Өнеркәсіптің ең дамыған салалары – өңдеу, тау-кен, мұнай және химия. Машина жасау саласы электр жабдықтары мен трансформаторларды өндіруге бағытталған. Түркістан облысы өнеркәсіпті дамыту үшін барлық алғышарттарға ие. Өңірде ресурстарға бағытталған өндірісті одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін пайдалы қазбалардың едәуір қоры бар.

Сонымен қатар өңір Өзбекстан нарығына тікелей қол жеткізе алады, бұл өңірдің сыртқы экономикалық қызметінің көрсеткіштеріне оң әсер етеді.

Түркістан облысында негізгі экономикалық салаларға қатысты аралық қорытындылар жасалды. Өңірде өнеркәсіптік өнімділік көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Биыл өңірде жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асатын 26 инвестициялық жоба іске асырылды.

Аймақтың дамуындағы ерекше маңызды факторды көптеген жұмыс орындарын құру деп атауға болады. Есептік кезеңде жобаларды іске қосудың нәтижесінде 936 адам жұмысқа орналастырылды.

Қазақстандағы барлық жылыжайлардың төрттен үш бөлігі осы Түркістан облысында орналасқані. Облыстың ауыл шаруашылығы қызметінен алынған өнім көлемі биыл 8 айда 477 млрд теңгеге жетіп, 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4%-ға асып түсті. Алқаптардан 3 миллионнан астам бақша, көкөніс дақылдары мен картоп жиналды. Сонымен қатар жемшөп дақылдарын жинау жоспары шамамен 1 млн тоннаға асып түсті.

Түркістан облысының құрылыс саласы да қарқынды өсім көрсетіп отыр. 2022 жылғы 1 қыркүйекте өңірде 500 мың ш м тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда үштен бірге артық. Құрылыс жұмыстарына жұмсалған қаржы 169 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың соңына дейін Түркістан облысында жалпы алаңы 325 мың шаршы метрден асатын 85 үйді тапсыру жоспарлануда.

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысының экономикасы 338 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Жеке инвесторлар қаражаты есебінен іске асырылып жатқан төрт жоба іске қосылды, соның арқасында 128 жұмыс орны ашылды. Бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосу көзделген. Жақын арада өңірде поливинилхлорид, цемент, мұнай өнімдері, мотор майын өндіруге маманданатын зауыттар пайда болады.