СҚО-да былтыр - 2068 пәтер, биыл - 2240 пәтер салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Келесі жылғы меже - 2840 пәтер. Біздің 3000 пәтер салуға да мүмкіндігіміз бар», - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Ол биыл СҚО-да 8300 адам баспана жағдайын жақсартатынын айтты.
«Оның 126-сы - көпбалалы отбасы. Сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 851 пәтер қолданысқа беріледі. Бүгінгі күні оның 464-і сатылды», - дейді ол.
Жалпы, осы жылдың он айында құрылыс жұмыстары - 3,9%, тұрғын үй құрылысы - 2%, тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция - 24% өскен.