30 қыр, 2021 сағат 17:00

Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда рекордты көрсеткіштерге жетеді - Путин


Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналым рекордты көрсеткіштерге жетуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумына РФ Президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл шынымен де қарқынды, көп жоспарлы, екіжақты тиімді сипатқа ие. Біз бастапқыдан қарым-қатынасты осылай құрған едік. Бірінші кезекте ол сауда-инаестициялық салаға қатысты болып тұр. Биылғы жеті айда екіжақты тауар айналым 34 пайызға артып, біздің мәлімет бойынша 14 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Владимир Путин.

Оның пайымынша, биыл осы бағытта елеулі көрсеткіштер болады деп күтілуде. 

«Жыл қорытындысы бойынша өзара сауда 20 млрд доллар рекордты көрсеткішке жетеді деп ескеріліп отыр. Бұл тұрғыда өңіраралық ынтымақтастықтың үлесі зор», - деді РФ Президенті.