Биыл қанша отандық тауар сертификатталды? Бұл сұраққа Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сертификатталған тауарларға келетін болсақ, жылына 200 мыңға жуық партия сертификатталады. Алайда, биыл пандемияға байланысты бұл көрсеткіш төмендеді. Бүгінгі күні 180 мың құжат берілді», - дейді Қайнар Тайжанов.