Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қаңтар-наурыз аралығында дәрігерлерге үстемеақы төлеуге қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.
«Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында айтылғандай, Денсаулық сақтау субъектілерінің коронавируспен күреске тартылған қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен ондаған, тіпті жүздеген млрд теңге жұмсалған. Қазіргі уақытта қордан пандемиямен күресуге қанша қаражат жұмсалып жатыр», - деп сұрады БАҚ өкілдері.
Болат Төкежанов МӘМС жүйесі өткен жылдың наурыз айынан бастап дәрігерлерге ынталандыру төлемдерін бөле бастағанын еске салды.