15 жел, 2022 сағат 19:03

Бішкекте ҰҚТ мүшелері қазақстандықтан 40 мың доллар тартып алған

коллаж: Tengrinews.kz

Бішкекте ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қазақстандықты тонап, жәбірленушіден 40 мың доллар (18,7 миллион ​​теңге) алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Бішкек қалалық МІІБ мәліметінше, 10 желтоқсанда Қазақстан азаматы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасына 7 желтоқсан сағат 15:00-де Ботаникалық бақта өзіне шабуыл жасаған белгісіз тұлғаларға шара қолдануды сұрап арызданған. Олар тапаншамен қорқытып, жәбірленушінің 40 мың долларын алып кеткен. Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел уәкілдерге қарақшылық шабуылға үш адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы бар екені белгілі болды.

"Қылмыстық іздестіру қызметкерлері арнайы жасақ қолдауымен ҰҚТ мүшелері ретінде жедел есепте тұрған күдіктілерді ұстады. Октябрь аудандық соты күдіктілерді Бішкек-1 тергеу изоляторына екі ай мерзімге қамауға алды", - деді милиция өкілдері.

Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде 5,5 мың доллар мен бес оқ, травматикалық Макаров тапаншасы тәркіленген.