11 нау, 2024 сағат 19:04

Бишімбаев сотта өз кінәсін мойындамады


Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Маған тағылған айыптың мәні түсінікті, мен өз кінәмді мойындамаймын. Менің ісімді алқабилер соты қараса деймін. Істің ашық қаралып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанын қалаймын", - деді Бишімбаев сотта. 


Сонымен қатар айыпталушы сот процессі ашық өтуін, БАҚ өкілдері де сот процессіне қатысқанын сот процессі трансляцияланғанын  қалайтынын айтты.

Айта кетейік, алдын ала сот отырысына журналистер кіргізілмеді.