Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан тұрғын үй жағдайын жақсартуға ақша алғысы келген 350 269 адамның өтініші қатанғаттандырылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайты жазды.
«2021 жылдың 13 шілдесіндегі жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 350 269 өтініші орындалды. Банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына шамамен 1,6 трлн теңге аударылды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,5 млн теңге», - деп жазады БЖЗҚ сайты.
Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,5%), Маңғыстау облысының (15,4%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындарынан түскен.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар: «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ. Солардың ішінде орындалған өтініштердің 95,3%-ы «Отбасы банк» арқылы рәсімделген.
Дегенмен, арнайы шоттарға аударылған зейнатақы ашқасының 185,6 млрд теңгесы қайтадан БЖЗҚ шоттарына аударылған. Себебі салымшылардың бір бөлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.
Ал емделуге барлығы 36 926 өтініш түсіп, оның ішінде 20 млрд теңгенің 21 054 өтініші мақұлданған. Орташа сома – шамамен 1 млн теңге.