Фото: Pexels.com
Ғылым және жоғары білім министрі уақыт белдеуін өзгертуге қатысты зерттеудің қалай жүргізілетінін айтып берді. Мәжіліс кулуарында Саясат Нұрбек қазақстандықтар арасында уақыт ауыстыру бойынша сауалнама не үшін қажет болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ult.kz Orda.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
«Сауалнама — зерттеудің бір ғана бөлігі, соның аясында 200 мың адамды қамтуды жоспарлаған едік. Бұл мақсатқа жеттік. Енді уақыт ауыстырудың қазақстандықтардың денсаулығына әсерін талдаймыз, нәтижелерді жалпы зерттеу аясында біріктіреміз», — деп түсіндірді министр.
Спикердің айтуынша, жыл соңына дейін ғылыми гранттар конкурсы өткізіліп, ғылыми-техникалық комиссия зерттеуге қанша қаражат қажет екенін анықтайды.
Саясат Нұрбек бұған дейін бұл мақсатқа Денсаулық сақтау министрлігі 160 миллион теңге сұратқанын мәлімдеген.
Министрдің айтуынша, зерттеудің барлық кезеңі ашық жүргізіледі.