18 мау, 2020 сағат 17:18

Біртановтың жағдайы қалай - әріптесі министрдің денсаулығы жайында айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың денсаулығы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Елжан Біртанов стационарлық ем алып жатыр. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Ол хаттамаға сәйкес ем алу үстінде. Оның тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз», - деді ол Орталық комммункациялар қызметіндегі брифингте. 

Еске сала кетсек, осыдан біраз күн бұрын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді. 

12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтқан. Онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болған. Осыған байланысты Үкімет басшысы оқшаулануға мәжбүр болып отыр. Әріптестерімен бірге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен ҚР Экология, геология және табиғи ресустар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өз үйлерінде оқшауланды.