2021 жылы Қазақстанда 6,4 мыңға жуық автожанармай құю, автогаз толтыру және автогаз толтыру компрессорлық станциясы жұмыс істеді. Бұл 2020 жылға қарағанда 1,5% артық. Оның ішінде ауылдық жерлерде 2,1 мың станса болды, жыл ішіндегі өсім - 1,2%, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еnergyprom ресурсына сілтеме жасап.
ҚР өңірлерінің арасында стансаның көбі Түркістан (701), Алматы (509) және Қарағанды (496) облыстарында, ал Атырау (171), Солтүстік Қазақстан (216) және Батыс Қазақстан (224) облыстарында сирек орналасқан.
Бөлшек сауданың барлық көлемінің үштен бір бөлігі тек үш өңірге тиесілі: Алматы (168,4 млрд тг), Алматы облысы (167,2 млрд тг) және Нұр-Сұлтан (111,4 млрд тг).
Мұнай өнімдері ең аз сатылған өңірлер - Солтүстік Қазақстан (32 млрд тг), Маңғыстау (39,5 млрд тг) және Қызылорда (45,9 млрд тг) облыстары.
Мұнай өнімдерінен түскен қаржының басым бөлігі бензинге тиесілі - 876,9 млрд теңге, бір жыл ішінде өсім - 24,5%.
Одан әрі сату көлемі бойынша 441,1 млрд тг болатын дизель отыны тұр - 2020 жылға қарағанда 27% артық.
Сатудың елеулі көлемі сұйытылған пропан мен бутанда — 103,7 млрд теңге (жылына +42,3%).
Сығылған табиғи газға тек 101,3 млн теңге (жылына 82,4%) келді.
Былтыр 4,3 млн тонна бензин сатылды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 11,2% артық.
Өз кезегінде дизель сату шамамен 2 млн тоннаны, оған қоса жылына 16,4% құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бір жыл ішінде бензин 5%, ал дизель отыны бірден 42% қымбаттады.