Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова педагогтердің біліктілігін 3 жылда бір рет арттыруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, мұғалімдердің біліктілігін арттырудың 3 жылдық моделін енгізу халықаралық тәжірибеге негізделген.
«Дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін қарастырсақ, Сингапур, Финляндия сияқты елдерде біліктілікті арттыру жылына кемінде бір рет, ал Ресей Федерациясында кемінде үш жылда бір рет жүзеге асырылады. Курстарды оқытудан басқа, бұл елдерде педагогтердің біліктілігін арттыру үшін кәсіби қоғамдастықтардағы жұмыс жүйесі, конференцияларға қатысу, үздік педагогтердің сабақтарына қатысу және кәсіби дамудың басқа да нысандары пайдаланылады», - деді Н. Кәрімова Орталық коммуникациялар қызметінде.
Халықаралық зерттеулердегі курстық даярлықтың тиімділігін бақылау бойынша курстарда жаңа педагогикалық технологияларды жақсы меңгерген педагогтердің 5%-ы курстық оқытудан кейін 1 жыл өткен соң өз практикасында курста оқып, үйренген контентті белсенді пайдалануды тоқтату фактілері байқалады. Бұл факт репродуктивті дағдыларды қалыптастырудан іздеу дағдыларына ауысудың күрделілігін көрсетеді.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан әлемнің 48 елімен қатар TALIS халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандық педагогтердің 86%-ы кәсіби даму бойынша іс-шараларға қатысудың педагогикалық практикаға оң әсерін тигізетінін атап өтті. Педагогикалық қызметті жаңадан бастаған мұғалімдердің шамамен 70%-ы кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігіне, мектеп ортасына бейімделуге байланысты қиындықтарға тап болады. Осыған байланысты, жас педагогтер кем дегенде үш жылда бір рет біліктілігін арттыруды қажет етеді.
Бүгінгі таңда халықаралық тәжірибеде «біліктілікті арттыру» тұжырымдамасы педагогтердің үздіксіз кәсіби даму тұжырымдамасына ауыстырылды. Біліктілікті арттыру жүйесі уақыт талаптарына сәйкес келуі керек болғандықтан, ол үздіксіз сипатта болуы керек. Осыған орай, біліктілікті арттыру курстарынан өту жиілігін кемінде үш жылда бір рет арттыру қажеттілігі, ең алдымен, педагогтерді үздіксіз дамыту тұжырымдамасының принциптеріне, жетекші білім беру елдерінің сенімді нәтижелеріне, педагогика саласындағы ғылыми теорияларға, халықаралық мониторингтік зерттеулерге негізделген.