19 жел, 2019 сағат 08:10

БҒМ «Ғылым қоры» басқармасының бұрынғы төрағасы сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы А.Ж.Сұлтанғазинге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А.Т.Едрисовке ҚР Білім және ғылым министрінің жеке қабылдауын ұйымдастырғаны үшін одан 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктелді.

А.ж. 18 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен А.Ж.Сұлтанғазин кінәлі деп танылып, оған 57 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аталған тұлға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.