Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан слалом бойынша медальдар сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған спорт түрінен сынға түскен қазақстандық шаңғышы Захар Кучин бірінші мүмкіндігінде жарыс қорытындысы бойынша мәре сызығын 1:03,68 көрсеткішімен 43-ші болып кесті. Ол алғашқы іріктеу сынында бірінші орынға ие болған австриялық Йоханнес Штрольцтан 9.76 минутқа кешігіп келді.
Екінші мүмкіндігінде Кучин мәре сызығын 2:02,66 көрсеткішімен 36-шы болып кесіп өтті. Бұл Захар Кучиннің Бейжің Олимпиадасындағы соңғы жарысы. Осылайша жерлесіміз төрт жылдық доданы жүлдесіз аяқтады.
Тау шаңғысынан слалом бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1- орын - Клемент Ноэль (Франция) – 1:44,09
2- орын - Йоханнес Штрольц (Австрия) – 1:44,70
3- орын - Себастьян Фосс Сулевог (Норвегия) – 1:44,79