13 ақп, 2022 сағат 00:30

Бейжің-2022: Бүгін екі мемлекет алтын медаль саны бойынша тең түсті


Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында жалпы медаль кестесінде көшбасшылардың орны ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Бейжіңдегі Ақ Олимпия ойындары сегізінші күнін артқа тастады. Күн өткен сайын қысқы ойындардың қызығы арта түсті. 

Бүгін жалпы медаль кестесінде үш күн қатарынан көш басында келе жатқан Германия мен Норвегияның алтын медальдары теңесті. 

Десе де неміс атлеттері күміс медаль жағынан алда келе жатыр.

Ал үздік үшінші орынға бүгін кеше ғана 6-шы орында тұрған АҚШ құрамасы көтерілді.

Медаль көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:

1. Германия - 8 алтын, 5 күміс, 1 қола 

2. Норвегия - 8 алтын, 3 күміс, 6 қола 

3. АҚШ - 5 алтын, 5 күміс, 1 қола

4. Нидерланд - 5 алтын, 4 күміс, 2 қола

5. Швеция - 5 алтын, 2 күміс, 3 қола 

6. Австрия - 4 алтын, 6 күміс, 4 қола

7. Қытай - 4 алтын, 3 күміс, 1 қола

8. Ресей - 3 алтын, 4 күміс, 6 қола 

9. Италия - 2 алтын, 5 күміс, 4 қола 

10. Жапония - 2 алтын, 3 күміс, 5 қола 

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 26-ға жетті. 

Оның ішінде 19 мемлекеттің қоржынында алтын медаль болса, 22 мемлекетте күміс жүлде бар. 

Сондай-ақ, төрт ел қола медальге қол жеткізген. Өкінішке қарай Қазақстан қоржыны әзірге бос. 

Ендігі үміт ертеңгі жарыс жолына шығатын спортшыларымыздың еншісінде екенін айта кетейік.

Ертең, яғни 13 ақпанда қазақстандықтар спорттың 5 түрінен бақ сынайды.