20 ақп, 2020 сағат 17:28

Бейбіт жиынға арналған орындар адамдардың талап-тілегін жеткізуге көмектеседі - вице-министр

Павлодарда Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі Данияр Есин «Бейбіт жиындар туралы» жаңа заң жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бейбіт жиындар өткізілуі мүмкін арнайы орындарды анықтаудағы ең басты қағида ел Президенті айтқандай бұл қала шеті емес. Екіншісі – арнайы орындар барлық қажетті инфрақұрылымға, қауіпсіздікке сай болуы беруі тиіс, барлық санитарлық нормаларға сәйкес келуі керек және ұйымдастырушылар үшін де, қатысушылар үшін де бұл орын оны өткізе алатындай ыңғайлы болуы қажет және бұл мүмкіндік оларға берілді», - деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Павлодарда «Бейбіт жиындар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жұртшылық өкілдерімен талқылау барысында.

Данияр Есиннің айтуынша, әкімдік құзыретіне, сонымен қатар, осы заңды іске асыру кезінде адамдар бейбіт жиындар өткізе алатын және өз мақсатына жету үшін, ал жиын қатысушыларының сөзін тыңдай алатын арнайы орындарды қолдану тәртібі мен анықтамасы кіреді.

«Қазақстанды әлемдік геосаясатта болып жатқан оқиғалардан бөліп қарамаймыз. Ол осы үдерістердің бір бөлігі. Халықаралық ұйымдар Қазақстанда жиындар өткізу туралы заңнама қайта қарауды талап ететінін жиі айтады. Бұл жоба – аталмыш сұрақтарға берілген жауап», - деді кездесудің модераторы, «Десента» қоғамдық қорының төрағасы Сергей Гуляев.