06 қаз, 2018 сағат 17:04

Бердібек Сапарбаев: Президент жолдауы қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады


Ақтөбе облысының әкімдігінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс  пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге және жүзеге асыру жолдарын талқылауға арналған облыс активі өтті.

Шараға облыс басшылығы, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, кәсіпкерлер және т.б. қатысты. Барлығы мыңнан аса адам.

- Президент жолдауы экономика өсімі мен қазақстандықтардың тұрмысы жақсаруын қамтамасыз ететін ауқымды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Біздің міндетіміз – мемлекет басшысы бастамаларының толық, уақытылы және сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, - деп атап өтті жиынды ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Актив кезінде облыс әкімі стратегиялық құжаттың негізгі басымдықтары мен мемлекет басшысы қойған ауқымды міндеттердің жүзеге асырылу жолдарын сипаттап берді.

Бердібек Сапарбаев мәлімдегендей, алдын ала мәліметтер бойынша 35 мың ақтөбеліктің, соның ішінде 20 бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы Президенттің ең аз еңбекақы мөлшерін 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіру туралы бастамасы аясында көтерілетін болады.

- Барлық кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде жекеменшік түріне қарамастан 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақыны өсіру шаралары қабылдану керек, - деп атап өтті облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының әрекет етуін тағы бес жылға созу жайында айта отыра  2019 жылдан  бастап аталмыш бағдарлама бойынша қаржыландыру тек Ақтөбе облысының өзінде жыл сайын шамамен 2,5 млрд теңгеге артатыннын мәлімдеді. Аталған шара бизнестегі кедергілерді әрі қарай жоюда, ШОБ-ті дамытуда едәуір демеу болып, өңір экономикасын нығайтады және өсіреді.

 - Президент тапсырмасы бойынша өңірде ТКШ мен табиғи монополиялар қызметіне тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту қажет. Тұтынушылар қаражаттарының қайда жұмсалып жатқанын нақты білулері керек. Бұдан басқа, монополистер өздеріне бастамашыл міндеттерді ала отыра, оларды тарифтің инвестициялық шығындарын қоса тұтынушылардың мойындарына іледі. Мұндай тәжірибе тоқтатылуы тиіс, - деп тапсырды облыс  әкімі.

Ол сондай-ақ, облыс мемлекет басшысының экспорт әлеуетін көтеру, көліктік-логистикалық секторды, туризмді, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, бағаның негізсіз көтерілуі мен инфляцияға жол бермеу, мұғалімдердің мәртебесі мен білім беру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласын цифрландыру, бұқаралық спортты дамыту, елді мекендерді абаттандыру, халықты сапасыз әрі адам денсаулығы мен өміріне зиян тауарлар мен қызметтерден қорғау және т.б. туралы тапсырмаларын орындау үшін бар күшін салатынын атап өтті.

Президенттің қазіргі Жолдаудағы бастамалары алдындағылар секілді біздің азаматтардың баспаналы болу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. «7-20-25» бағдарламасы аясында біздің облыста бастапқы жарнаны бюджеттің 2 млрд теңге көлеміндегі субсидиясы есебінен 10 пайызға дейін төмендету шешімі қабылданды.  Облыс әкімдігіне субсидия беру механизмін әзірлеуді жылдамдатуды және процесті орындауға көшуді тапсырамын, - деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі сондай-ақ, барлық мемлекеттік қызметкерлерді тұрғындармен кері байланысты күшейтуге, формализм мен  бюрократизмді төмендетуге шақырды, мемлекеттік қызметкерлердің тұрғындармен тікелей байланысын мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру есебінен төмендету қажеттігін атап өтті.

Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80%-ы, 2020 жылы кем дегенде  90%-ы электронды форматтқа көшірілулері тиіс. Бүгінде Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметтердің 85%-ы электронды форматта көрсетіледі.

- Елбасы биылғы жолдауында жастарға үлкен көңіл бөліп отыр. Елдің болашағы оларға берілген тәрбиеге байланысты. Бүгіннің өзінде жастармен жұмыс жасайтын мемлекеттік органдар Президенттің Жастар жылы деп жариялауы аясындағы іс-шаралардың жоспарын әзірлеуге кірісу керек. Жалппы,  Президент жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға бір жарым трлн теңге аударылады. Бұл - қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға барынша тиімді жұмсауымызды қажет ететін үлкен қаражат, - деп атап өтті кездесудің қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев.