Фото:elements.envato.com
Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа бензин мен дизель отынының бағасы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұл мәселе, әрине, маңызды және барлық азаматты алаңдатады. Бірақ алдағы 180 күнде жанар-жағармай бағасы өзгермейді. Тиісті бұйрыққа қол қойылған. Келесі жылы көреміз", - деді министр ОКҚ брифингінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Ол көрші елдермен салыстырғанда жанар-жағармай бағасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жанар-жағармай ағынына алып келеді.
"Бұл баға айырмашылығы жыл сайын артып келеді. Қазір ол Ресей және Қырғызстанмен салыстырғанда екі еседен артық. Егер 2020 жылы нарыққа 424 мың тонна мұнай өнімдері жөнелтілген болса, биыл - 517 мың тонна және тапшылық байқалады. Бұл экспортқа қатысты, бізде транзиттік көлік көп", - деді министр.
Соған қарамастан, келесі жылға жанар-жағармай құнының айтарлықтай өсуіне қатысты жоспар мен болжам жоқ екенін түсіндірді.