Фото: pixabay
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мемлекет бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейтінін айтты. Бұл туралы Ult.kz, Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, ведомство бағаның күрт өсуінің алдын алады.
"Болжам бойынша, бірінші өсім 5 теңгеден аспайды. Біз нарық қатысушыларын осы көрсеткішке бағыттаймыз. Енді бағаның күрт өсіп жатқанын көрсек, шұғыл әрекет етеміз", – деді Сәтқалиев.
Министр мемлекет мұнай өнімдері бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін әрекет ететінін және ол үшін барлық тетіктердің барын айтты.
"Монополияға қарсы агенттік кез келген уақытта жанар-жағармай құю станцияларының немесе жанармай құю бекетінің белгілі бір желісі монополияға қарсы жоғары кіріс ала бастағанын байқаса және бұл туралы нарық қатысушылары білсе, тергеуді кез келген уақытта бастайды. Сондай-ақ министрлік мұны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды", – деді министр.