14 нау, 2017 сағат 11:44

Бензин бағасының өсуін тоқтату үшін жұмыс істеп жатырмыз - Бозымбаев

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мемлекеттік органдардың бензин бағасының өсуін тоқтатқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпаратkaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз (бензин бағасының өсуін тоқтату - автор.)", - деді министр журналистерге үкімет отырысынан кейін.

Бозымбаевтың айтуынша, 2017 жылдың екінші жартысынан бастап Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын пайдалануға беру арқылы бензин бағасының өсуін тоқтатуға болады.

Сондай-ақ, министр қазақстандық жанармай бағасының көрші елдермен салыстырғанда төмен екенін айтып өтті.

"Мен халықтың орта табысын бензин бағасымен салыстырып отырған жоқпын. Бірақ егер сіздер бағаны Ресеймен салыстырсаңыздар, мысалы, онда А-92 бензины 180 теңге тұрады. Әрине, бағаны Еуропамен салыстыратын болсаңыздар, мүлде бөлек сандар шығады", - деді министр.