Фото: Polisia.kz
Полиция белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады.
"Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.