29 сәу, 2022 сағат 18:17

Bek Air ұшағы апаты: прокуратура тергеу нәтижесіне қатысты пікір білдірді

Фото ©REUTERS

Көлік прокуратурасы Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағына қатысты тергеу туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Bek Air компаниясының Fokker 100 ұшағы апатына қатысты 2019 жылдың аяғында басталған тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.

Бұл апат дерегі бойынша ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр. ИИДМ тергеуі осы тергеу кезеңдерінің бірі ғана.

"ИИДМ есебі алғаннан кейін соталды тергеу барысында анықталған деректермен, оның ішінде Алматы қаласы әуежайы қызметінің әрекеттерімен салыстыру, зерделеу және талдау бойынша жұмыс жүргізіледі", - деді прокуратура өкілдері.

Сондай-ақ, іс бойынша сараптамалар мен зерттеулер жүргізіледі. Оған қатысы барлардың кінәсі алдын ала тергеу қорытындысы бойынша анықталады.