Фото: © РИА Новости / Илья Питалев
Beeline брендімен жұмыс істейтін ресейлік VimpelCom компаниясы Қазақстандағы бизнесін нидерландалық VEON компаниясына 54 миллиард рубльге (302 миллиард теңгеден астам) сатты. Бұл туралы ресейлік БАҚ оператордың мәлімдемесіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2022 жылғы 6 желтоқсанда VimpelCom еншілес ұйымы Veon Eurasia S.a.r.l. ресейлік оператор VIP Kazakhstan Holding AG еншілес ұйымы акцияларының 75 пайызын VEON Holdings B.V.-ге берді. (Veon Ltd еншілес ұйымы). Бұл ретте қаражат бас компанияның оператор алдындағы несиелері бойынша қарызды өтеу ретінде есепке алынды.