ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысында Холдингтің даму стратегиясы мен құрылымын оңтайландыру мәселелері қаралды.
Бұл туралы кіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бәйтерек» холдингінің 2024 жылға дейінгі түзетілген Даму стратегиясының жобасы бекітілді, оған қызметтің жаңа бағыты – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту енгізілді. Стратегияда Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторын құру және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкін «Отбасы банк» АҚ етіп қайта құру бөлігінде Холдингтің тұрғын үй блогы қайта қаралды. Ірі, шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау және экспорттық әлеуетін дамыту құралдары кеңейтілді, Холдингтің проактивті рөлі мен клиентке бағдарлануы күшейтілді.