14 мам, 2020 сағат 10:30

«Бәйтерек» холдингінен 197 млн теңгенің жымқырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

«Бәйтерек» холдингінен 197 млн теңгенің жымқырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ лауазымды тұлғалары мен өзге де адамдарға қатысты тергеу амалдарын бастады. Іс «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ еншілес ұйымының бизнес-моделін түрлендіру бойынша консультациялық қызметке арналған мемлекеттік сатып алуға бөлінген 197 млн теңгелік бюджет қаражатының жымқырылуына байланысты қозғалып отыр», - деді Данияр Бекайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.