"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басшысы Қанат Шарлапаев бұрынғы "Сбербанк Қазақстан" қызметін қалпына келтіргеннен кейін сату жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біздің міндетіміз – банк жұмысын қалыпқа келтіру үшін жағдай жасау. Мемлекеттік акционерлер болған жағдайда бұл банкті санкциялық тізімнен шығару бойынша диалог айтарлықтай дәрежеде жеңілдейді. Банк жұмысы қалыпты жағдайға келе салысымен бірден стратегиялық инвесторларды іздеуге кірісеміз", - деді Шарлапаев журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында.
"Бұл - менің ғана шешімім емес, қаржы нарығындағы ойыншылар арасында барынша бәсекелестік тудыру үшін мен шетелдік инвесторға басымдық берер едім", - дейді "Бәйтерек" басшысы Қанат Шарлапаев.