«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымы оңтайландырылды. Бұл мәліметті Ұлттық экономика министрлігі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 25 шілдеде «ҚазАгроҚаржы» АҚ (ҚАҚ) акцияларының 100%-ын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға (АНК) берді. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компанияларының жалпы саны 7-ге дейін қысқартылды.
ҚАҚ АНК-нің еншілес компаниясына айналып, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру бойынша өзінің негізгі қызметін жалғастырады. Жүргізілген ұйымдастырушылық өзгерістер ҚАҚ-тың қазіргі клиенттеріне және іске асырылатын лизингтік бағдарламалардың шарттарына әсер етпейді», - делінген министрлік хабарламасында.