Фото ©REUTERS
АҚШ президенті Джо Байден елдегі электр қуатын өндіру тапшылығына байланысты төтенше жағдай жариялап, Азиядан келетін күн батареяларын баж салығынан босату мерзімін ұзартты. Бұл туралы Ақ үйдің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сайтта жарияланған жазбада АҚШ-та жеткілікті электр қуатын өндіруге кедергі келтіретін көптеген фактор бар екені айтылған.
"Мен, Кіші Джозеф Байден, Америка Құрама Штаттарының Президенті, Америка Құрама Штаттарының конституциясы мен заңдарында берілген өкілеттік бойынша, электр энергиясын жеткілікті деңгейде өндіруге кедергі келтіретін төтенше жағдайдың бар екенін жариялаймын", - делінген хабарламада.