27 нау, 2018 сағат 11:36

Байбек Кемероводағы оқиғадан соң халықтық мекемелерді толық тексеруді тапсырды

Алматыда барлық сауда-көңіл көтеру орталықтарына, базарларға, вокзалдар мен мектептерге, ауруханаларға, балабақшаларға, сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындаға өрт қауіпсіздігіне қатысты тексерулер ұйымдастырылады. Мұндай тапсырманы Алматы әкімі Бауыржан Байбек берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздігіне орай кемшіліктер анықталса, онда тиісті шаралар қолданылады.

Сондай-ақ, қазіргі кезде Алматыда 128 ойын-сауық орталығы, 46 базар, 170 мейманхана, қонақүй мен хостел, қоғамдық тамақтанудың 2 мыңнан аса орны, 300-ден аса денсаулық сақтау нысаны, 700-ден аса балабақша, 200 орта білім беру нысаны және тағы басқа нысандар бар екені айтылады.

Осыған дейін Астана әкімдігінде де сауда орталықтарындағы қосымша қауіпсіздік шаралары мен адамдар көп жиналатын орындар туралы мәселе талқыланған болатын. Жиын барысында Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарындағы өртке қарсы қауіпсіздік қалалық әкімдігінің үнемі бақылауында екендігі айтылған еді.