23 қыр, 2021 сағат 16:05

Бауыржан Сәлімгереев: Ірі ойыншыларға дизель жетпесе, импорт жағын ойластыру керек


Дизель отынын тұтынатын ірі кәсіпорындар қажет отынды Ресейден бажсыз импорттау мүмкіндігін пайдаланғаны жөн.

ҚР Энергетика министрлігі Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев орталық коммуникациялар қызметінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Дизель отынының жеткізілімінде іркіліс болдырмау үшін тау-кен металлургия кешені мен жер қойнауын пайдаланушыларға, сондай-ақ, жанармай құю стансаларының желісін ұстаушыларға жанармайдың тапшы көлемін импорттауды ойластыру қажет. Бажсыз импорт теңгерімі бойынша Ресей Федерациясынан Қазақстанға биыл 530 мың тоннаға дейін жанармай кіргізуге болады. Жыл басынан бергі 8 айда 145 мың тонна жанармай импортталды. Яғни, жыл соңына дейін 385 мың тонна импорттауға болады. Бүгінгі күні импорт бойынша ешқандай шектеулер жоқ», - деді Экргетика министрігінің өкілі.

Оның айтуынша, министрлік Ресей Федерациясындағы әріптестерімен қажетті көлемде дизель импорттау мәселесін пысықтап жатыр.