22 мам, 2022 сағат 18:42

Батыс Қазақстанда үстіне теледидар құлап кеткен қыз есін жиды


© AFP 2022 / JEFF PACHOUD

Батыс Қазақстан облысында үстіне тумба мен теледидар құлап кетен екі жасар қыз есін жиды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Оқиға Бәйтерек ауданындағы Переметное ауылындағы ауруханада болған.
Қызды педиатр мен хирург қарап, ауырсынуды басатын дәрі егіп, санитарлық авиация шақырған. Жәбірленуші педиатр мен мейіргердің бақылауымен ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды.
Балаға жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы соғылған, торлы қабық астына қан құйылған деген диагноз қойылды.
Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп жазды "Мой город". Қыз ауруханада анасымен бірге жатыр.