Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 15 қазан күні өңірдің кей жерлерінде тұманға қоса оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Облыс орталығы Орал қаласында да түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынып жатқандығын хабарлады.
Қазгидромет сонымен қатар 15 қазан күні Маңғыстау облысында да тұман түсетінін хабарлады.