көрнекі сурет
Батыс Қазақстан облысында тасқын су ауыл шетіндегі өткелді шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 30 наурыз күні Қаракөл ауылдық округі Ақтайсай ауылында болды.
Әкімнің айтуынша, ауа райы күрт жылынып, қардың еруі салдарынан Таян өзені арнасындағы су көтерілген. Таян өз арнасының бағытымен Қуағашқа, ал Қуағаш Жақсыбай өзеніне құяды.
«Тасыған су екпіні сағат 17.20-да Ақтайсай ауылының кіреберісіндегі Жақсыбай өзенінен өтетін өткелді (60 метр) толығымен бұзып, шайып өтті. Тасқыннан елді мекенге қауіп жоқ», - деді Сүйеуғалиев.