30 қаз, 2023 сағат 18:40

Батыс Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды

Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында балық пен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатумен айналысатын заңсыз арнаны анықтады.

Қылмыстық топ балық өнімдерін жалған құжаттармен Орал қаласындағы орталық базарларға әкеліп сатқан. 

1520,55 келі бекіре балығы, 27,3 келі қызыл және 1,25 келі қара уылдырық, сондай-ақ 2 млн 705 мың теңге және 35,8 мың рубль, тапанша, оқ-дәрілер, электронды таразы, пышақ, дүрбі тәркіленді" - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ұсталған азаматтар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды. ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тереп-тексеру жұмыстары басталды. Заң бұзғандарға қатысты қозғалған іс жан-жақты тексеріліп жатыр.